Жеке силиконды ортез бұл – аяқ саусақтарын және аяқтың деформацияланған буындарын түзетуге, табан терісінің тітіркенген жерлеріне түскен қысым мен жүктемені жеңілдетуге арналған өнім. Ортездің бірнеше түрі бар. Ортезді қарапайым дәріханадан да сатып алуға болады. Бірақ білікті мамандардың сөзіне сүйенсек, жаппай өндірілген ортоздар өзіңіз күткендей тиісті нәтиже бермейді. Тек сіздің табаныңыз бен проблемаңыз үшін арнайы, жеке жасалған ортездер ғана пайдалырақ болмақ. Бір ортез жасау үшін 20 минут жеткілікті. Сіз қалағандай ортезге қол жеткізу үшін, ең алдымен, силикон массасы қажетті жерге жағылады, бірнеше уақыттан соң ол қатып, белгілі бір пішінге келеді. Аяқ киімді киген кезде ортез ешқандай ыңғайсыздық туғызбайды.
Ең көп таралған ортездер: плантациялық, бүйірлік, сыртқы, саусақаралық.
Көбекірген тырнақ пен онихолиз үшін саусақаралық ортезі жасалады. Оның басты мақсаты бірінші бақайды екіншісінің қысымынан босату болғандықтан өлшемі бір фаланганың ұзындығынан аспайды. Мұндай жағдайда жарақат процесі әлдеқайда тез жүреді, онихолиз кезінде тырнақтың біржақты деформациясын болдырмауға және тырнақтың біркелкі өсуіне мүмкіндік береді.
Халюкс вальгусында аралық ортездің ұзындығы саусақтың бас бармағына негізделіп жасалады. Мұндай ортез деформация кезінде саусақ коррозиясын туындатып, ХВ-ның бастапқы кезеңінде профилактика ретінде қызмет етеді.
Табандағы сүйелдерді лазермен, қышқылдармен алып тастағаннан кейін силикон массасынан түсіру ортезі дайындалады. Мұндай ортезді тек сүйел кезінде ғана емес, сонымен қатар мүйізгек, өзекті мүйізгек немесе табандағы басқа да жарақаттар кезінде қолдануға болады.
Бақайларды түзету үшін үлкен саусақтарға сыртқы ортез орнатылады. Мүйізгекке, сүйелге және өзекті мүйізгекке арналған құрал да сыртқы ортозға жатады.
Қант диабеті жағдайында ортозды қолдануда аса сақ болу керек. Себебі мұндай диагнозы бар науқастарда сезімталдық жүйесі жиі бұзылады. Бұл жағдайда жұмсақ және пластикалық ортез жасалып, науқас үнемі бақылауда болады.
Гипергидроз кезінде ортез сырғып кетпеуі үшін оны сіңіргіш заттармен біріктірген жөн.
Ортез жасауды бастамас бұрын, оның қандай функцияны атқаратындығын анықтау мақсатында проблеманың пайда болу себебіне жете үңіліп, зақымдалған аймақты мұқият тексеру керек. Ортезді киген кезде аяқты қысып, ыңғайсыздық тудырмас үшін науқастың аяқ киімінің өлшемін ескеру өте маңызды. Ортезге пациенттің аяғы үйреніспегендіктен алғашқы күндері ыңғайсыздық сезімі болуы әбден мүмкін. Дегенмен уақыт өте келе аяқ ортезге біртіндеп үйренісіп кетеді. Мамандар оны алғашқы күндерді ұзақ уақыт бойы киіп жүрмеуге шақырады. Ортез тым жұмсақ немесе керісінше тым қатты болмауы керек, ондай жағдайда өнім негізгі функцияларды орындай алмайды. Тозған, бүлінген кезде немесе қолайсыздық туындағанда дайын өнімді жөндеуге болмайды, одан да жаңа ортезді өндірген дұрыс. Ортез қайтымсыз деформацияларды түзетуге арналмаған және тек профилактика ретінде қолданылады.
Ортозды киген кезде бөртпе, аллергиялық реакциялар беріп, адам бойында жоғары сезімталдық қасиеті пайда болуы мүмкін. Ортозды дайындаған соң, оны аяққа киіп көріп, бірнеше күннің ішінде өз бағаңызды бересіз. Қажет болған жағдайда қайта өңдеу үшін маманға хабарласа аласыз.