Иммунитеттің төмендеуі, аяққа жиі суық тию, витаминдердің жетіспеуі немесе ұзақ уақыт ашығу (аш жүру), семіздік, күйзеліс, гормоналды жүйенің бұзылуы, зиянды әдеттер, жүктілік табандағы сүйелдердің пайда болуын тудыруы мүмкін. Бірақ кез келген жағдайда вирусты емдеу қажет және біз сізге бұл мәселені шешуге көмектесеміз.
Подолог қана сіздің жағдайыңызда табан сүйелінен құтылудың ең тиімді әдісін таңдай алады. Үй жағдайында сүйелді өздігінен алып тастап, тәуекелге бармаған жөн.
«PROстопы» клиникасында келесі әдістерді пайдаланады:
Процедура бір немесе бірнеше сатыда жүзеге асырылады, сіз подологпен кеңесу барысында нақты ақпарат аласыз.
Әрбір емделушіден кейін құралдар ультрадыбыстық ваннада ТриМакс Актив дезинфекциялық ерітіндісімен өңделеді, ол барлық белгілі бактериялар мен вирустарды, соның ішінде туберкулез қоздырғыштарын, патогенді зеңді, В, С және D парентеральды вирустық гепатиттерді және АИТВ-ны жояды.
Содан кейін барлық құралдар зарарсыздандырылады.