WhatsApp байланысы
Басты бет/Мақалалар/Табан сүйелі туралы

Сүйелдер, табан сүйелдері

image001

Біз денемізде қызыл қоңыз секілді жабысып, кетпей тұрып алатын сүйел туралы айтатын боламыз. Сүйел  аяқ астынан пайда болады, әрбір адам өмірінде кем дегенде бір рет болса да осы проблемамен жолығады. Әркімнің сүйелдің пайда болуы мен одан құтылу жолы туралы өз тарихы бар. 

Әдетте, сүйел әлемнің әрбір екінші тұрғыны жұқтыратын адам папиллома вирусының салдарынан туындайды. АПВ тірі жасушаға тері микрожарақаты арқылы еніп, зақымдайды. Көбінесе вирус тасымалдаушы адаммен тікелей байланыста болғанда, сүлгі, киім және т.б. заттарды ортақ пайдаланғанда жұғады. Мұндай вирусты ваннада, саунада, бассейнде оңай жұқтырып алуға болады. Бұл вирустың тарауына фитнес клубындағы киім ауыстыратын бөлме және ылғалдылығы жоғары, санитарлық жағдайы күмән тудыратын басқа да қоғамдық орындар себеп болады. Адамның иммунитеті жоғары болып, бойында созылмалы аурулар болмаса, АПВ-ның бар екенін оңайлықпен байқай алмайсың. Дегенмен дененің қорғаныс функциялары әлсіреген кезде, АПВ өзін ашық түрде жариялауы мүмкін. 

Ең қиыны – жаяу жүру барысында үлкен қысым мен үйкелістің салдарынан табан аймағына шығатын сүйелдер. Көбісі сүйелді қарапайым мүйізгекпен шатастырып жатады. Бүгінгі таңда АПВ-ны жүйелі, жергілікті препараттар арқылы емдеудің және алып тастаудың көптеген әдістері бар. Дерматологияда сүйелдерді жоюдың бірнеше әдістері қолданылады:

image002 image003 image004

•    Криодеструкция – сұйық азотты қолданып, төмен температура әдісімен сүйелдің қатуы.
Процедура барысында ауырсыну болады, өйткені мұздатылған азот теріге 196 ºC температурасында түседі, бұл жасушаның өсуін баяулатады.
•    Лазермен емдеу. Лазер сәулесі ұлпа жасушаларында температураны жоғарлатып, нәтижесінде өсу тінінің өліміне әкеледі. 
•    Жоғары сапалы токпен терінің зақымдалған аймағына электрокоагуляциялық әсер ету.
•    Хирургиялық жою немесе радиотолқынды хирургия (жоғары сапалы радиотолқындарды (3,8-4,0 МГц) пайдалану)
•    Үй жағдайында емдеу. Үй жағдайында белсенді сілтілер мен қышқылдарға негізделген ем-шаралар жиі қолданылады.

image005

Мұндай кең ауқымда таралған құралдар мен әдістерге қарамастан, аурудың салдары қайтымсыз болатын жайттар да жиі кездеседі. Себебі аталған емдеу әдістерінен соң тыртықтардың, келоид тыртықтарының орны қалуы әбден мүмін. Сонымен қатар бұл процедуралардың барлығы ауырсынуды туындатады. 

Бүгінгі күні сүйелден құтылудың тағы бір жолы бар. Заманауи, өте тиімді және ауырсынуды болдырмайтын сүйелден қорғайтын әдіс – тері күтіміне арналған Spirularin VS кремін пайдалану. Ересектер үшін де, 3 жастан асқан балалар үшін де қауіпсіз. 

Құрамындағы спирулина микробалдырлары сығындысына байланысты крем микробқа және қабынуға қарсы белсенділікке ие. Құрал терінің терең қабаттарына еніп, оған ішінен әсер етеді және кедергі функциялары мен күшті регенерация процестерін қамтиды (26% дейін жылдамырақ) және жасушалардағы тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Спирулина микробалдырларының сығындысынан алынған глюкоза молекулалары (полисахоридтер) сау тері жасушаларын жұқа көрінбейтін қабатпен жауып, вирустың ішіне енуіне жол бермейді. Денеге жұққан жасушалар вирустың айналасындағы сау жасушаларға өтуіне жол бермей, терінің бетінен қабыршықтануға дейін табиғи жолмен өтеді. 

Әркім адам папиллома вирусын жою мен емдеу әдісін әртүрлі таңдайды. Өзім үшін, отбасым мен достарым үшін теріде одан да көп проблемаларды тудырмайтын, ауырсынуды болдырмайтын тиімдірек әдіс пен процедураны таңдар едім. Жоғарыда айтылғандай терідегі жағымсыз қызыл қоңызды жоюдың бірнеше әдістері бар. Терімізге жабысқан сүйелден дер кезінде құтылу да оны елеусіз қалдыру да өз қолыңызда!
(М. Горбовец).
 

Дәл қазір қоңырау шалыңыз:
Дс-Сн: 09.00-20.00
Жк: 09.00-17.00
Алматы қ., Абай даңғылы 130/2
Алматы қ., Мәуленов к-сі, 46
Кері байланыс формасын толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің аты-жөніңіз *
это поле обязательно для заполнения
Байланыс нөмеріңіз:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена
Кері байланыс формасын толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің аты-жөніңіз*
это поле обязательно для заполнения
Байланыс нөмеріңіз*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена