WhatsApp байланысы
Басты бет/Мақалалар/Подологиядағы түзету жүйелері туралы

Подологиядағы түзету жүйелері туралы

Орнату көрсеткіштері: көбекірген тырнақ (онихокриптоз), деформацияланған тырнақ, жарақат, онихогрифоз, операциядан кейін қалпына келтіру.
Қарсы көрсеткіштер: тырнақтың немесе тырнақ білікшесінің қабынуы, зең инфекциясы, ірің, псориаз, жұқа, тырнақтар, 5 жасқа дейінгі балалар.
Шартты қарсы көрсеткіштер: қант диабеті бар адамдарда сақтықпен қолданылады. Оларға жиі бақылау ұсынылады.

Өмірінде тырнақтың деформациясы проблемасымен кездеспеген адам кемде кем. Сіз бұл проблемамен әрі қарай да жүре беруіңіз мүмкін, бірақ өмір сүру сапасы айтарлықтай нашарлайды. Подология осы мәселелерді тиімді әрі ауырсынусыз шешуді ұсынады.

Бүгінгі таңда аталған проблеманы шешуге арналған көптеген түзету жүйелері бар. Мен соның ішінен подологияға қатысы бар әрбір маман білуі тиіс үш негізгі түзету жүйесін бөліп көрсетер едім.

Титан жібі

Подолог мамандар түзету жұмыстары кезінде титан жібін пайдаланады. Оны орнату оңай, жұмыста өте тиімді әдіс. Вакуумды күйдіру технологиясы бойынша 45% титан және 55% никель қорытпасынан дайындалады. Ол өндірісте берілген пішінді сақтау қабілетіне ие. Гипоалергенді, коррозияға қарсы, созылмалы. Басқа жүйелерге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие: мысалы, оны қабыну процесінде орнатуға болады. Титан жібін балаларға және жұқа тырнақтарға да қолдана аласыз. Орнату процедурасы өте ыңғайлы және ауырсынуды болдырмайды. Оны киіп жүру мерзімі көптеген жеке ерекшеліктерге байланысты: жас, тамақтану, салмақ, тырнақ пластинасының ұзындығы, өмір салты және т.б. орташа алғанда бұл процесс 2 айдан 4 айға дейін созылады. Кейбір жағдайларда тырнақтың өсу жылдамдығына байланысты титан жібін жыл бойы киіп жүруге тура келеді. Керілген титан жібінің бос шетіне дейін тырнақ өспейінше, ол өз қызметін атқара береді, түзетуді қажет етпейді. Қажет болса, ескі титан жібін алып тастап, жаңасын орнату керек. 

Аталған түзету әдісінің артықшылықтармен қатар, әрине, кемшіліктері де бар. Емделушілер тосын жағдайларға ұшырамас үшін міндетті түрде біз мына жағдаймен сіздерді хабардар етеміз: жүйе жабысқақ болғандықтан, бекіту нүктелерінің ашылып кету қаупі бар. Бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: аяқтың шамадан тыс ылғалдылығы (гипергидроз), физикалық белсенділік (спортпен айналысу), тар аяқ киім кию (қысым). Аяқты шамадан тыс булауға болмайды, себебі тырнақ ісініп, кейін бәрі бұрынғы қалпына қайта келуі мүмкін. Біз титан жібін орнату барысында бәрін егжей-тегжейлі түсіндіретін боламыз, кеңес береміз, тіпті айтылған ақпараттарды ұмытып қалмас үшін сізге жадынама да береміз. 

image001 image002

З-ТО скобасы

ЗТО скобасын «түзету жүйелерінің патшайымы» десек те болады. Кез келген маман оны игере алмайды. Бірнеше өлшемде ойлап, байыппен жұмыс істей білу керек. Егер подолог-маман ЗТО скобасын сіздің тырнағыңызға орнатамын деп шешсе, онда ол өз ісінің шебері екеніне сенімді болыңыз!

Бұл үш компонентті жүйе, ол ілмектерден және бекіту қысқышынан тұрады. Деформацияның барлық ерекшеліктері ескеріле отырып, ілмектер жеке жасалады. Емделушілердің көбісі скобаны орнатудан қорқады, дегенмен бұл психологиялық фактор. Егер скоба дұрыс орнатылған болса, тырнаққа ешқандай зақым келтірмейді. Кейде аздап ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, бірақ ол бірнеше сағаттан кейін кетеді.

2-3 айдың ішінде тырнақ өскен жағдайда 3-ТО скобасы түзетуге жатады. Тырнақ уақыт өткен сайын өз пішінін өзгертетіндіктен, әр кез сайын жаңа ілмектер жасалады. Егер сізді ештеңе алаңдатпаса, айына бір рет скобаны түзетіп, қалпына келтіру үшін маманға барып тұрсаңыз болады. Егер қандай да бір жайттар сізді мазалайтын болса, жоспарлы күнді күтпей-ақ одан бұрын маманға жолығу керек. З-ТО скобасын орнату тиімді болғанымен, әлі де бірқатар қарсы көрсеткіштері бар. Аталалған жүйені жұқа тырнақтарға орнату мүмкін емес. Қант диабетімен ауыратын науқастарға қолданатын кезде өте сақ болу керек. 

Бұл жүйенің жұмыс принципі келесідей: екі ілмек тырнақтың шетіне оралып, арнайы сыммен өзара тартылады. Маман оны біртіндеп бұрап, кернеу күшін реттейді, ал ілмектер тырнақтың шеттерін көтереді. Қажетті кернеуге жеткенде, скоба осы күйде арнайы композитпен бекітіледі.

Скоба аяғында физикалық белсенділігі жоғары адамдар үшін орнатылуы мүмкін. Спортшылар, бишілер, тар аяқ киімге арналған дресс-кодты қолданатын ұйымның қызметкерлері подологке жиі келетін қонақтар болып табылады. 

image001 image002

Фрезер скобасы

Ең алғаш бұл скобаны 1946 жылы шотландтық тіс дәрігері Росс Фрезер ойлап тапқан. Содан бері ол хирургиялық резекциялардан кейін қалпына келтіруде деформацияны, көбекірген тырнақты емдеу үшін сәтті қолданылып келеді.

Скоба деформацияның барлық ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Мінсіз үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, тырнақтың құймасы жасалып, содан кейін ғана соған негізделіп скоба жасалады. Скобаны өндіруге арналған сымның құрамында хром мен никель болады. Оның диаметрі 0,4 мм-ден 0,7 мм-ге дейін әртүрлі және жағдайға байланысты маман оның формасын жеке таңдайды.

Фрезер скобасы –  ортасынан бүгілген және шеттерінде екі ілмегі бар құрал. Цикл күш реттегіші ретінде әрекет етеді, ал одан маман ілмектерге белсендіруді орнатады. Егер дайындық кезеңдері дұрыс орындалса, орнату процедурасы ауырсынуды болдырмайды. Белсенділікке байланысты пациент орнатудан кейінгі алғашқы сағаттарда аздап ыңғайсыздық пен кернеу сезімін сезінуі мүмкін.

Скоба өсіп, деформация өзгерген сайын түзетіледі. Ерекшелігі оны бір рет жасағаннан кейін орнату орнын өзгертіп, бірнеше рет пайдалануға болады. Скобаны кию өте ыңғайлы және жүріп-тұруыңызға ешқандай кедергі келтірмейді. Фрезер скобасы балаларға, қабыну және зең аурулары кезінде, жұқа тырнаққа, тырнақ псориазы кезінде орнатылмайды.

image002 image001

Дәл қазір қоңырау шалыңыз:
Дс-Сн: 09.00-20.00
Жк: 09.00-17.00
Алматы қ., Абай даңғылы 130/2
Алматы қ., Мәуленов к-сі, 46
Кері байланыс формасын толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің аты-жөніңіз *
это поле обязательно для заполнения
Байланыс нөмеріңіз:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена
Кері байланыс формасын толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің аты-жөніңіз*
это поле обязательно для заполнения
Байланыс нөмеріңіз*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена