WhatsApp байланысы
Басты бет/Мақалалар/Зең және саңырауқұлақ аурулары туралы

Зең және саңырауқұлақ аурулары туралы

Дерматомикоздар (дерматофитиялар) – дерматомицеттерді тудыратын зең тері аурулары. 

Дерматомикоздардың этиологиясы, эпидемиологиясы және патогенезі.
Саңырауқұлақ қоздырғыштары үш топқа бөлінеді:
•    Дерматофиттер;
•    Candida spp тектес ашытқы саңырауқұлақтары;
•    Зең саңырауқұлақтары, контаминанттар және сапрофиттер.

Дерматофиттер – патогендік саңырауқұлақтардың негізгі тобы. Дерматофиттердің эволюциясына көз жүгіртетін болсақ, олардың негізгі патогендік өкілдері топырақта өмір сүрген (олардың тіршілігінің негізгі көзі), уақыт өте кератинге қолайлы ортада өмір сүруге бейімделді. Кератин олардың өмір сүруінің, көбеюінің, өсуінің және тамақтануының негізгі орнына айналды.

Адамның терісіне және оның шаштары мен тырнақтарына зиянын тигізетін Trichophyton rubrum, T.interdigitale, T.mentagrophytes дерматофиттер дерматомикоздардың (аяқ, қол, тері, дене қатпарлары микоздарының) және тырнақ микоздарының (онихомикоздардың) негізгі қоздырғыштары болып саналады.

Candida spp. саңырауқұлақтары дерматофиттерден кейін екінші орын алады. Ашытқы саңырауқұлақтары адам микробиомасының бөлігі саналғандықтан, шартты патогендік қоздырғыш болып табылады. C. albicans – паронихияның және проксимальды онихомикоздың қоздырғышы.

Инфекция көздері және оларды алдын алу факторлары 
Зең инфекциясы екі жолмен таралады: тікелей және жанама.
Тікелей инфекция сау адам науқаспен немесе ауруды жұқтырған адаммен  (қол алысу, жақын байланыс және т. б.) байланыста болған кезде туындайды. Ал жанама инфекция яғни тұрмыстық, патогендік саңырауқұлақтар жұқпалы материалдар мен (тері қабыршықтары, тырнақ, шаш) ластанған заттарды ортақ пайдалану кезінде туындайды.   

Зең  ауруларының дамуына бейім факторлар: 
•    Жас. Егде жастағы адамдарда ауру жиі кездеседі;
•    Климаттық жағдайлар (суық ауа райында жабық аяқ киімді ұзақ уақыт бойы киіп жүру);
•    Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар (халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, созылмалы күйзеліс жағдайлары, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамау, халықтық көші-қон, туризм, соғыс және т. б.);
•    Кәсіби қызмет (науқастарға, кеншілерге, әскери қызметшілерге, кондитерлерге, спортшыларға және т.б. күтім жасау);
•    Генетикалық бейімділік (жақын туыстары ерлі-зайыптыларға қарағанда жиі ауырады);
•    Аурулардың (қатерлі ісіктер, қант диабеті, аутоиммундық аурулар, жыныс бездерінің, қалқанша безінің, бүйрек үсті бездерінің гормондық жай-күйлері, асқазан-ішек жолдарының аурулары, АИТВ және т. б.) аясында иммунитеттің төмендеуі;
•    Дәрі-дәрмектердің кейбір топтарын ұзақ уақыт бойы қабылдау.

Тығыз аяқ киім мен тар шұлықтарды кию табан мен тырнақтың терісін қысып, перифериялық қан айналымының бұзылуына, түрлі жарақаттарға (терінің жұқаруы, ксероз және мүйізгектер, кератоздар) әкеледі. Гипергидроз (шамадан тыс терлеу терінің қышқылдығын төмендетеді, терінің рН-ын бейтарап немесе сәл сілтілі реакцияға өзгертеді, бұл зеңдер мен микробтардың көбеюіне қолайлы орта болып табылады).

Егер зеңді өз уақытында емдемесе, бірқатар асқынулар пайда болуы мүмкін. Саңырауқұлақтарды дұрыс диагностикалау өте маңызды. Микоздардың клиникалық көрінісі басқа да ауруларға ұқсас болғандықтан, қандай жағдай болмасын диагнозды зертханалық зерттеу әдістерімен растау керек. Микроскопиялық, мәдени, гистологиялық және люминесцентті (Вуду шамы) зерттеу әдістері қолданылады. Диагнозды дәрігер белгілейді.

Бүгінгі таңда тері мен тырнақ зеңдерінің инфекциясын емдеу дерматологтардың, микологтардың және подологтардың құзыретінде. Дерматологтар көбінесе жергілікті және жүйелік антимикотикалық препараттармен емдеу әдісін қолданады. Өкінішке орай, зақымдалған тырнақтарды хирургиялық жолмен түбегейлі  алып тастау әдісі қолданыста әлі де бар. Тырнақ пластиналарын хирургиялық жолмен алып тастау уақытша еңбекке жарамдылық қабілеттілігінің жоғалуына, жарақаттың орын алуына және  жоғары асқыну қаупіне (инфекция, іріңдеу, тырнақтың дұрыс өспеуі, баяу өсуі) әкеледі. 

Халық емін қолдану (йод, сірке суы, түрлі қышқылдар және т.б.) нәтижесінде күйік, дерматит, терінің аллергиялық реакциясы, тырнақ пластинасының жоғалуы пайда болады, бұл жағдайды одан әрі қиындатады. 
Подологтар зең инфекциясынан зақымдалған тырнақ және терімен жұмыс істеудің консервативті  әдістерін ұстанады.

Медициналық аппараттық педикюр процедураларының көмегімен тырнақ пен теріні механикалық тазарту науқасты патологиялық флорадан босатады, инфекция қоздырғыштарының таралу процесін оқшаулайды, тырнақ пен терінің зақымдалған аймақтарына медициналық препараттардың енуін жақсартады.

Подолог және дерматолог мамандарымен біріге отырып, емдеудің ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Подолог дәрі-дәрмектерге қол жеткізе отырып, тері мен тырнақтың зақымдалған аймақтарын  тазартып, олардың ену қабілеті мен емдік әсерін арттырса, ал дерматолог жүйелі және жергілікті антимикотикалық препараттар мен курстар арқылы ұзақ уақыт бойы кешенді емдеуді тағайындайды.

Сертификатталған, патенттелген препараттар саңырауқұлақ спораларының хитинді қабығын бұзады, эпидермистің жаңа сау жасушалары мен тырнақ жасушаларының (онихобласттар) өсуін қалыптастырады, сау теріні саңырауқұлақ инфекциясының енуінен қорғайды, тері мен тырнақтың саулығын қалпына келтіреді.

Саңырауқұлақ инфекциясын алдын алу және онымен күресу өте маңызды!

Өздеріңіз білетіндей, патогендік зеңдер жұқпалы, өміршең және адам ағзасынан тыс ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мысалы, ылғалды жерде, түрлі ортада (ванналарда, бассейндерде, спорт залдарында, аяқ киімде, сүлгілерде және т. б.) көбейеді. Сондықтан аяқ киімді, сүлгіні, іш киімді, шұлықтарды және т. б. заттарды пайдаланғанда абай болған жөн. Әрдайым киімді кептіріп, оны арнайы құралдармен өңдеп, аяқ тершеңдігімен уақытында күресіп, тар аяқ киімдерден бас тартып, аяқ гигиенасын сақтап, күн сайын оны жуып, шұлық бұйымдарын ауыстырып, ыстық ауа-райында ашық аяқ киім киіп, терінің кератинделген жерлерін, яғни мүйізгектерді үнемі өңдеп отырған дұрыс.

Ең бастысы, саңырауқұлақты дер кезінде емдеңіз. Медициналық аппараттық педикюр процедурасы, үйде күтім жасау кезінде кәсіби косметикалық құралдарды қолдану зең ауруларының таптырмас профилактикасы болып табылады. Сонымен қатар жылдар бойы табан мен тырнақтың сау болуына көмектеседі. 

Дәл қазір қоңырау шалыңыз:
Дс-Сн: 09.00-20.00
Жк: 09.00-17.00
Алматы қ., Абай даңғылы 130/2
Алматы қ., Мәуленов к-сі, 46
Кері байланыс формасын толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің аты-жөніңіз *
это поле обязательно для заполнения
Байланыс нөмеріңіз:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена
Кері байланыс формасын толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің аты-жөніңіз*
это поле обязательно для заполнения
Байланыс нөмеріңіз*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена